Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:35

Қызметтік көлік: адам өміріне жауапкершілік

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кейінгі уақытта күре жолды қойып, қала көшелерінде жарыс ұйымдастыратын оспадар жүргізушілер көбейді. Осындай ессіздердің кесірінен талай адам жазатайым ажал құшып, талай отбасы қайғы жамылды. Қара жол үстіндегі осындай келеңсіздіктің алдын алып, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында Абай облысы әкімдігі өңірлік тәртіп сақшыларының қызметтік көлігін көбейтті.

Қызметтік көлік: адам өміріне жауапкершілік

Ресми дерекке сәйкес, былтыр елімізде 36 мың жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 51 мың адам жарақат алып, 2330-2331 адам қаза тапқан. Мұндай адам шығыны тіпті соғыс жағдайында да тіркеле бермейді. Сорақысы сол, бұл көрсеткіш жыл сайын көбеймесе, азаймай отыр. Сондық­тан жол қауіпсіздік шараларын күшейту күн тәртібінен түспек емес. Осы ретте, Абай облысы полиция департаменті мамандарына қызметтік автокөліктердің кілті тапсырылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров қатысты.

Былтыр жергілікті атқарушы органдар тарапынан полиция де­партаментінің материалдық-тех­никалық базасын нығайтуға, арнайы техникалық құрал­дар сатып алуға тиісті қаражат бөлін­ген. Сол жұмыстың жалғасы ретінде биыл полиция қызметіне KIA «Cerato», «Elantra», JAC, «Cobalt» мар­­кі­лі 137 жаңа автокөлік берілді. Кө­лік­тердің арасында 8 автобус бар.

Салтанатты іс-шарада өңір басшысы табысталған техникалар полиция қызметін жаңғыр­ту, қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау, жол қауіп­­сіз­дігі бағы­тын­дағы кешенді жұ­мыс­тың бір бөлігі екенін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Әрбір тәртіп сақшы­сы­ның қызметін мінсіз атқарып, білік­ті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды», деп өздеріңіздің табанды еңбектеріңізді ерекше атап өтті. Полицияның қызметін қолдау, олардың материалдық-тех­никалық базасын үнемі жетілдіріп, жаңартып отыру – заман талабы. Осыны ескере отырып, бүгін облыс әкімдігі полиция департаментіне 137 қызметтік автокөлікті тапсырып отыр. Бұл – тек материалдық-техникалық базаны жаңарту ғана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, полиция жұмысының жеделдігін және тиімділігін арттыруға бағытталған қадам», деді облыс әкімі.

Әкімнің сөзінше, өңірде құқық қорғау органдарын материал­дық-техникалық тұрғыда нығай­ту бағытында жүйелі жұмыс жүр­гізі­ліп келеді. Нәтижесінде, биылғы үш айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құқықбұзушылық саны 18 пайыз­ға төмендеді. Қоғамдық орын­дар­да жасалған құқық­бұзушылық ­246-дан 184-ке азайды.

«Қазіргі жағдайда жедел әре­кет ету, жақсы жабдықталу және үйле­сімді жұмыс істеу – азамат­тар­дың құқықтарын қорғау­дың негізгі кепілі. Жаңа техникалар тиімді пайдаланылып, жұмыс­тың сапасын арттырып, өңір қауіпсіз­дігі­не  қызмет етуі керек. Сонымен қа­тар облыс әкімді­гі алдағы уақытта ­облыс орталы­ғы мен аудандарда жедел бас­­қару орталықтарын салуға, радио­с­­тансалар мен қосымша авто­кө­­­ліктер алуға қаражат бөлуді жос­­парлап отыр. Бүгінгідей көп мөл­шердегі көлік облыс тари­хында тәртіп сақшыларына бе­рілген емес. Біз мұны­мен шектел­мей, алдағы уа­қыт­та полиция депар­таментінің автопаркін жаңалай беретін боламыз», деді Берік Уәли.

Көшеде қызметтік көлік көбейгеннен келеңсіздік сап ты­йы­лады деу қиын, әрине. Өйт­кені жол қауіпсіздігі тек тәртіп сақшыларының емес, әр жүргізу­шінің жауапкершілігі мен жеке мәдениетіне қатысты мәселе.

 

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:15

Бұйырғаны – жеті жүлде

Күрес • Бүгін, 09:05

Өнер көгіндегі ақиық

Тұлға • Бүгін, 08:55

Қайталап оқу терапиясы

Руханият • Бүгін, 08:50