14 Мамыр, 2015

Инновация ғылымнан бастау алады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

А.Байтұрсынов атындағы Қос­танай мемлекеттік универ­ситетінде өткен «Байтұрсынов оқулары–2015» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы бұл жолы «Нұрлы Жол» даму бағдарламасы: білім-ғылым-өндіріс» тақырыбына арналды. Конференцияға Ресейден, Түркиядан, Қырғызстаннан, Қазақ­станның облыстарынан ғалым­дар мен магистранттар қатыс­ты. Онда А.Байтұрсынов атын­дағы Қостанай мемлекеттік уни­вер­ситетінің ректоры, ветеринария ғы­лымдарының докторы, профессор Асқар Наметов «Еліміздің индустриялық-инновациялық да­­муы үшін жаңа формацияда м­амандар дайындаудың ма­ңызы», Ресейдің Челябі мемле­кет­­тік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, филоло­гия ғылымдарының докторы, про­­фессор Лилия Нефедова «Шет тілі саласында парадигмді ұйым­дас­тыру», Жанбол Жылбаев «Қор­­шаған ортаны қорғаудан – тұрақты дамуға және «жасыл эко­номикаға: Қазақстандағы білім беру сала­сындағы эко­ло­гизацияның халық­аралық маз­мұны» жөнінде терең баяндамалар жасады.

Халықаралық ғылыми-тео­риялық конференцияға қатысу­шылар дөңгелек үстел мәжілі­сінде жоғары мектепте білім беру процесінің маңызды мәселелерін қозғады. Сонымен қатар, ғалымдар мен ізденушілер бірнеше секцияға бөлініп, тақырыптар бойынша ғылыми талқылауға қатысты. Бұл конференцияның жылдағыдан ерекшелігі оған ғылым көгіне тал­пынған магистранттар көп келді. Қазақтың қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің магистранттары Ұлдана Бисенбиева күріш жармасынан спирт алудың технологиялық үлгісін жасауды, Бану Диярова көксағыз өсім­дігі құрамындағы амин қыш­қылдарын зерттеуді қолға алыпты. Магистратураның екінші курсында оқитын олар ғылыми еңбегінің өндіріске енгізілетініне, болашағына сенімді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.