Экономика • Бүгін, 12:21

Елімізде салық түсімдері 7 триллион теңгеге жақындады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда салықтық түсімдер көлемі айтарлықтай өсіп отыр. Сәуір айындағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке және Ұлттық қорға түскен түсімдердің жалпы көлемі 6,98 триллион теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде салық түсімдері 7 триллион теңгеге жақындады

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Бұл бағытта салықтық тәртіпке қатысты бірқатар өзекті мәселе сақталып отыр. Бүгінде салықтар мен міндетті төлемдер бойынша жалпы берешек көлемі 716,3 миллиард теңгеге жеткен. Берешектің негізгі бөлігі ірі экономикалық орталықтарда шоғырланған: Алматы қаласында – 306,9 миллиард теңге, Алматы облысында – 119,7 миллиард теңге, Астана қаласында – 93,6 миллиард теңге.

Жеке тұлғалар бойынша да берешек айтарлықтай деңгейде қалып отыр. Атап айтқанда, жеке тұлғалардың салық берешегі 33,7 миллиард теңгені құрап, борышкерлер саны 659 820 адамға жеткен.

2026 жылы салық берешегін азайту және оны өтеуді ынталандыру мақсатында 13 миллиард теңге берешек өтеліп, 7,7 миллиард теңге өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылған. Бұл қолдауларды шамамен 19 мың салық төлеуші пайдаланған.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар