АСТАНА. 14 мамыр. Ұлыбританияның бұқаралық ақпарат құралдары 10 жылға созылған сот дауынан кейін патшайым Елизавета ІІ-нің үлкен ұлы Чарльз ханзаданың хаттарына қол жеткізді. Аталған хаттар осы елдің үкіметіне бағытталған. Бұл туралы 24today.net хабарлады.
Жоғарғы соттың шешімінен кейін 13 мамырда жеті түрлі министрлікке жіберілген 27 хат Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланды. 2004-2005 жылдары жазылған бұл хаттар сол кездің өзінде баспасөзде біраз айқай-шу тудырған еді. Өйткені, Ұлыбритания монархы елді тек шартты түрде басқарады. Сол себепті патшайым отбасының мүшелері саясатқа араласу құқынан айырылған.
The Guardian басылымы ақпарат бостандығы туралы заңға сүйене отырып, 2005 жылы алғаш рет аталған хаттардың мазмұнын ашып көрсетуді сұраған болатын. Газеттің мұндағы басты мақсаты – ханзаданың министрліктерге не жөнінде жазғанын анықтау еді. Содан бастап «болашақ монархтың жеке хаттары туралы жұртшылық білуге міндетті ме?» деген сұрақ төңірегіндегі заң дауы 10 жылға созылды.
Мамыр айының соңында Жоғарғы сот хаттарды жариялауға келісім берді. Алайда, Чарльз ханзаданың қорғаушылары бұл шешімге келіспей, қарсы шағым түсірді. Дегенмен, бір күн бұрын апелляциялық палата шешімді өз күшінде қалдырған.
Чарльздің ресми өкілдері Ұлыбритания әділет органының шешіміне көңілі толмайтындарын білдірген. Олар «құпиялылық қағидасы бұзылды» дегенді алға тартып отыр. «Бұл хаттардың жариялануы Чарльз ханзаданың қандай да бір сұрақтар бойынша жеке алаңдаушылық білдіру құқын бұзады», – деп мәлімдеді Кларенс-хаустағы Лондон резиденциясында ханзада өкілдері.
Еламан Қоңыр.
Дерек: 24today.net.
Сурет: telegraph.co.uk.
• 14 Мамыр, 2015
Ұлыбритания үкіметі Чарльз ханзаданың жеке хаттарын жариялады

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32