27 Маусым, 2015

БАҚ өкілдерінің ықпалы зор

480 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
ERA_5004+ Кеше елордада  Бай­ланыс және ақпарат қызмет­кер­лерінің мерекесі қарсаңында Қазақстан халқы Ассам­блеясы журналистер мен сарап­шылар клубының кеңей­тілген отырысы өтті.  Атал­ған жиынға Президент Әкім­шілігінің басшылығы, Қазақ­стан халқы Ассамблея­сының мүшелері, еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдері мен республикалық және өңірлік БАҚ журна­листері, этностық газеттердің бас редакторлары, сондай-ақ, сарапшылар, ғылыми және бірқатар шығармашыл зиялылар қатысты. Кездесу барысында «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» – 100 нақты қадам шең­беріндегі «Ұлт жоспарын» ақ­параттық сүйемелдеудегі журналистер алдында тұрған жаңа мін­деттер талқыланып, ҚХА жылы аясындағы іс-шараларды ақпа­раттық қолдаудың қоры­тын­дылары қаралды. Алғысөзді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын­басары Ералы Тоғжанов  БАҚ өкілдерін олардың  кәсіби мере­ке­сімен құттықтай келіп, сөзін осы саладағы мамандарға қойылатын міндеттерді атап өтуден бастады. Ел бірлігі жолында қолына қалам ұстаған қауым қай елде болмасын,  мемлекеттік саясатты жеткізуде, қоғамдық пікірді қалыптастыруда аса ықпалды күшке ие екенін барша біледі. Сондықтан да қоғамның, халықтың санасына ел саясатын, ұлт мүддесін сіңіру барысында абзал міндеттерді атқарып, осы орайда  өзекті дүниелерді жазып жүрген журналистерге рахмет, деді. Е.Тоғжановтың айтуынша, ағымдағы жарты жылда шыққан материалдардың көлемі өткен бір жылдық есеппен салыстырғанда артық екендігі байқалады. Ол осындай қысқа мерзім ішінде тоғыз мыңға жуық материалдың жарық көруі көз қуантатындығын көлденең тартты. Әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылды Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы жылы деп тікелей жариялауына байланысты ақпарат өкілдері тарапынан ынтымақ пен бірлікке ұйысқан, достықтың шынайы келбетін айқындап беретін жа­ғым­ды мақалаларды аянбай жазған­дығы көрініс беретіндігі айтыл­ды. Бірі түсінсе, бірі түсіне бермейтін мұндай материал­дар­ды көптеп жариялаудың қажеті қанша деген сұраққа Е.Тоғ­жанов бірлік пен ынтымаққа бағыт­талған тақырыптар ешқа­шан көптік етпейтінін және олардың маңыздылығы жойыл­май­тындығын айту қажеттігін атап өтті. Елбасының моделін тек қана шетелдерде емес, өз елімізде де тыңғылықты, жүйелі түрде халыққа жеткізе білудің рөлі үлкен екендігін айта отырып, осы ретте «Егемен Қазақстан» рес­публикалық газетінің атқарып жатқан белсенді де тиянақты жұмысына алғысын білдірді. «Егемен Қазақстан» респуб­ликалық газетінде ҚХА жы­лының көрініс табуы жоғары дең­гейде болғандығын, ондағы материалдардың маңызды­лығы мен мазмұндық құндылы­ғы бар екендігін айта отырып, Е.Тоғжанов аталған газет­тің пре­зиденті Сауытбек Абдрах­мановқа сөз берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  адамзат тарихында кемшілік сана­лып келген дүниелерді артық­шылыққа айналдырды. Бәз біреу­лердің санасындағы «көп ұлттар тұратын мемлекет әлсіз болады» деген ұғымын жоққа шығарды. Бір емес, бірнеше ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында, ортақ мақсатқа жұмылып, ынтымақта күн кеше алатынын дәлелдеді. Себебі, ол алғашқы күндерден бастап-ақ достықты ту етіп ұстады, деді сөзінде С.Абдрахманов. Осыған байланысты осы газетте үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарынан бері беріліп келе жатқан оқылымды дүниелердің барлығы да оқырман үшін екендігін жеткізді. Отырыс барысында көптеген лауазымды тұлғалар мен ақпарат қызметкерлері тақырыпқа орай жартыжылдық қорытындыларын баяндап, біздің мемлекет үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының орны орасан екендігін қоғамға жариялаудан талмайтындықтарын айтты. Бұл ретте, ҚХА журналис­тер мен сарапшылар клу­бы­ның төрағасы Ғаділбек Шалахметов отырыс тақырыбы бойынша осы клубтың атқаратын рөлі жайында, ал Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Ғазиз Телебаев «ҚХА жылын ақпараттық сүйемелдеу» бойынша өздерінің тараптарынан орындалып жатқан қызметтері туралы баяндады. Іс-шара аясында этностық бұқаралық ақпарат құралдарының көрмесі ұйымдастырылып, жиын соңында клуб мүшелері, республикалық және өңірлік БАҚ журналистеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл»  атты мерейтойлық медаль табыс етілді. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.