Фото: ашық дереккөз
Тергеу мәліметінше, «Ықыбай» шаруа қожалығының жетекшісі жалған құжаттарды пайдалану арқылы ірі қара мал сатып алу үшін жалпы сомасы 250 миллион теңгеден асатын екі ірі несие рәсімдеген. Алайда алынған қаражат мал шаруашылығын дамытуға жұмсалмай, жеке мақсаттарға бағытталған.
Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған
Құжаттарда кепіл ретінде көрсетілген мал мен нысандар шын мәнінде сатып алынбағаны анықталды. Осылайша мемлекетке келтірілген шығын 211 миллион теңгені құрады. Тергеу барысында күдікті келтірілген залалды толық өтеген.
Қазіргі таңда қылмыстық іс сот қарауына жолданды.