27 Маусым, 2015

Күн тәртібі қаралды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Палата Спикері Қа­би­болла Жақыповтың төраға­лығымен Мәжіліс бюросы өтіп, онда алдағы жалпы оты­рыстың күн тәртібі нақты­лан­ды, деп хабарлады осы па­латаның баспасөз қызметі. Депутаттар назарына бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсы­ны­лып отыр. Олар: Еуразия­лық экономикалық одақ тура­лы шартқа Қырғыз Респуб­ли­касының қосылуына байланысты ЕАЭО құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға түзетулерге, сонымен қатар, Италиямен, адамдарды ұстап беру және Италиямен, Румыниямен, Болгариямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялауға қатысты болмақ. Сонымен қатар, жалпы отырыста 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялауға байланысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалады.