Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (архив)
Министрдің айтуынша, бүгінге дейін бастапқы геологиялық ақпараттың 97%-дан астамы, яғни шамамен 250 терабайт дерек сканерленген. Бұл – саланың ақпараттық базасын толық жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллект негізінде мұрағат материалдарын автоматты өңдейтін және геологиялық модельдерді қалыптастыратын жүйе әзірленген.
«Бұл жұмысты жеделдету және сапасын арттыру үшін жасанды интеллектіні пайдалана отырып мұрағат материалдарын автоматты түрде өңдейтін және геологиялық модельдерді қалыптастыратын жүйе әзірленді», деді Ерсайын Нағаспаев.
Цифрланған деректер Big Data бірыңғай жүйесіне біріктірілген. Қазіргі уақытта жүйеге 1 терабайт дерек жүктеліп, жасанды интеллект арқылы өңделіп-жіктеліп жатыр. Бұл технология координаттарды автоматты түрде анықтап, негізгі ақпаратты іріктеуге мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Нәтижесінде ақпаратты жүйелеу уақыты қысқарып, шешім қабылдау сапасы артады. Осы өңделген деректер негізінде жер қойнауының интерактивті картасы әзірленді.
Жаңа жүйе геологиялық ақпаратты ыңғайлы форматта сүзуге және талдауға мүмкіндік беріп қана қоймай, перспективалы учаскелерді жедел анықтауға жол ашады.
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді