ҚОСТАНАЙ. 17 тамыз. Қостанайға Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Камохара Масаеси келді. Мәртебелі мейман сапарының басты мақсаты – «Шөп тамыры» бағдарламасы жобасын аяқтау болыпты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Шөп тамыры» бағдарламасы бойынша облыстық СПИД-тің алдын алу және күрес орталығы биыл тест жүйесінің 4 шығарылымымен иммуноферментиік анализатор құралын және УЗИ-сканер алған болатын. Орталықтың бас дәрігері жанна Түтенованың айтуынша, иммундық тапшылыққа қарсы тексерілу үшін, әсіресе, екіқабат әйеелдерге көпшілік кезек күтпей-ақ тікелей СПИД орталыққа келіп, тексерілуге болады. Ал УЗИ-сканер Қазқстанның солтүстік өңірінде тек Қостанайда ғана бар.
Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов елшімен бірге жаңа жабдықты қарады. Иммундық анализатородың жаңа ұрпағы адамның иммунтапшылық ауруын жұққызғанын бұрынғыдай үш айдан аса уақытта емес, бар-жоғы 5 күнде анықтап береді. Жапон елінің «Шөп тамыры» бағдарламасы әлемнің 141 елінде жұмыс істейді. Қазақстанға келгеніне 18 жыл болды. Осы жылдар ішінде 5 миллион доллар тұратын 75 жоба жүзеге асырылған. Алайда соның 4 жобасы ғана Қостанайға тиесілі болыпты.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz