14 Мамыр, 2015

Маңғыстау облысында 8 жасар қызды зорлап, өлтіріп кеткен

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-04-15-pohishenie-1

АҚТАУ. 14 мамыр. Кеше Маңғыстау облысындаға Сай-Өтес ауылында алдымен зорланып, артынан өлтірілген 8 жасар қыздың денесі табылды. Бұл туралы Tumba.kz хабарлады. Қайғылы оқиға облыс орталығынан 285 шақырым жердегі Сай-Өтес ауылында орын алған. Қыздың туыстарының айтуынша, бұрнағы күні аулада ойнап жүрген қыз кешке үйіне оралмаған. Содан кейін бүкіл отбасы далаға шығып, қызды іздеуге кіріседі. Олар көп іздеп жүріп, бір кезде бір сарайдың жанында өліп жатқан қыз баланың үстінен түседі. «Денесі топырақпен көміліпті. Біздің көргеніміз бойынша, оны зорлаған, кейін аузына топырақ салған, ол содан тұншығып өлген», - деді қыздың туысы Фатима Елубаева. Полицейлер қыздың өлгенін растап берді. Қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабар жеткен бойда іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін шұғыл қызмет жасағы жіберілген. Құқық қорғау органдары қызметкерлері 8 жасар қыздың өліміне күдіктіні сол түні қолға түсіреді. Ол осы ауылдың 1988 жылы туған тұрғыны болып шықты. «Қыздың денесі тап соның сарайының жанынан табылды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Зорлау дерегі тексерілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала күдіктінің оның тыныс жолдарына топырақ салуының салдарынан көз жұмған. Өлімінің нақты себебін біздің криминалистер тағайындаған сараптама көрсетеді», - деді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова. Қыздың туыстарының айтуынша, күдікті төрт рет үйленген. Қазір ол соңғы әйелімен бірге үш бала тәрбиелеп отыр екен. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: Tumba.kz.