Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі біраз жылдардан бері айтылып жүрген мәселе болғанымен, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тиянақты жүргізіп отырған саясаты, берік ұстанымы нәтижесінде енді ғана мүмкін болып отыр. Осы бір абыройлы ұйымға мүше болу міндет қана емес, үлкен сын екені де жасырын емес. Сондай-ақ, ел кәсіпкерлері үшін бәсекелестіктің жаңа деңгейге көшуін білдіреді. Сондықтан, отандық кәсіпкерлердің әлем нарығына лайықты бәсекелестік таныту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалуы тиіс.
Кәсіпкерлерді қолдау – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басты міндеттерінің бірі. Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің жанында қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы көпір болып табылатын қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Кеңестің құрамына отандық бизнес өкілдері, кәсіпкерлік құрылымдар кіреді. Жақыннан бері қоғамдық кеңес отырыстарында мемлекеттік орган басшыларын тыңдау тәжірибесі жолға қойылған. Осындай отырыстар барысында қоғамдық ұйымдар жүргізген мониторингінің сауалнама нәтижелері таныстырылады.
Кеше Алматы қаласы әкімдігінде осы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Онда «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы қоғамдық мониторингтің нәтижелері» деген тақырыпта Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Салтанат Лесбаева баяндама жасады. Оның айтуынша, Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасы 1334 кәсіпкер арасында мониторинг жүргізген. Өткен жылғы нәтижелермен салыстырғанда, кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметтер сапасына деген қанағаттану деңгейі өскен. Кәсіпкерлер палатасы өткізген 15 мемлекеттік қызмет түрінің 13-і сапа жағынан жақсы нәтижелер көрсеткен.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер бірқатар кемшіліктерді де атап көрсеткен. Олар: қызмет көрсетудің ұзақтығы, электронды қызметтердің істен шығуы себепті техникалық проблемалар, мемлекеттік мекемелер мен ХҚО қызметкерлерінің дөрекілігі және ұқыпсыздығы, шектен тыс көп құжаттарды талап етуі және қызмет көрсету уақытының ұзаққа созылуы.
Дегенмен, көптеген кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттарының бары жөнінде бейхабар екендігі де анықталды. Көптеген кәсіпкерлер өздерінің әкімшілік рәсімдер терминдер мен негізгі ұғымдарды түсінбейтіндіктерін айтқан. Бұл бағытта кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған жұмысты жандандыру көзделуде.
Шарафаддин ӘМІРОВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы.

Интернетте боқауыз сөз айтқандарға жаза күшейтіледі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:48
Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды
Қоғам • Бүгін, 21:36
Головкин әлемдік бокс аңыздарының қатарына қосылды
Спорт • Бүгін, 21:12
Александр Бублик Германиядағы турнирде қанша табыс тапты?
Спорт • Бүгін, 20:31
Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктерге зақым келді
Қоғам • Бүгін, 19:32
Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймаққа әсер етті
Әлем • Бүгін, 18:34
«Қазақмыс» әлеуметтік бағдарламаларымен 5,7 мыңнан астам адам қамтылды
Қоғам • Бүгін, 17:42
Көкшетауда үйдің шатырына найзағай түсіп, өрт шықты
Қоғам • Бүгін, 17:32
Үндістанда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:00
2026 жылғы әлем чемпионаты: Үшінші ойын күні алаңға кімдер шығады?
Спорт • Бүгін, 16:36
Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады
Президент • Бүгін, 16:12
Шикізаттан – зауыттар мен егістікке: Қазақстан экономикасының жаңа даму моделі
Экономика • Бүгін, 15:58