14 Мамыр, 2015

Қостанай облысында тағы бір қыздың өлі денесі табылды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-05-15-stafeeva-1

ҚОСТАНАЙ. 14 мамыр. Қостанай облысындада тағы бір қыздың денесі өзен аңғарынан өлі күйінде табылды. Бұл туралы Alau.kz хабарлады. Полицияға Жетіқара қаласының тұрғыны хабарласып, 17 жастағы Нина Стафееваның 1 мамырдан бері із-түссіз кеткенін мәлімдеген. Оның айтуынша, қыз достарымен бірге табиғат аясында демалып, сонда түнейтін болып кеткен екен. Ертеңіне басқалар аман-есен оралған да, олардың қатарында Нина болмаған. Бірге болған құрбы-құрдастары оның түн ортасында белгісіз бір жаққа кетіп қалып, қайта оралмағанын айтқан. Осының соңын ала жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 12 мамыр күні қыздың денесі Желқуар өзенінің бойынан табылған. Тексере келгенде, оның денесінде зорлық белгілері байқалмаған. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы Нина Стафееваның суға ағып кеткенін алға тартты. Қазір осы деректерге сәйкес «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қаза болған қыздың денесін толық зерттеу үшін жедел тергеу тобы құрылды. Айта кету керек, бұдан аз ғана уақыт бұрын Қостанай қаласында осыған ұқсас оқиған болған еді. Атап айтқанда, 4 мамырда 17 жасар студент қыз Нұргүл Ағыбаеваның өлі денесі табылды. Полицейлер оны Тобыл өзенінің арнасынан тапты. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі қыздың суға тұншығып өлгенін мәлімдеді. Тексере келгенде, оның денесінен зорлықтың белгілері табылмаған. Сондықтан суицид болуы мүмкін деген ұйғарым жасалды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: Alau.kz.