АҚТӨБЕ. 14 мамыр. Ақтөбеде мереке күндері, яғни, 6-12 мамыр аралығында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыспен күресті күшейту мақсатында ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Нәтижесінде осы күндер аралығында 52 қылмыс ізі ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамсыз етуге 1 500-ден астам қызметкер жұмылдырылды. Оның ішінде №6655 әскери бөлімі, Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері болды.
52 қылмыстан бөлек, бұрын жасалған 14 қылмыс, оның ішінде өткен жылы жасалған 3 қылмыс ашылды. Бұдан басқа, 6 күн ішінде «мүлдем төзбеушілік» тәртібімен 3 441 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол қауіпсіздігі бойынша – 2 551 және көлікті мас күйінде жүргізген 46 дерек тіркелді. Полиция қызметкерлерінің қырағы әркетінің нәтижесінде мерекелік іс-шаралар өткізілген жерлерде және қоғамдық орындарда тәртіп бұзу, сондай-ақ, аса ауыр қылмыстар болған жоқ.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: lada.kz.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше