Әлем • Бүгін, 11:22

Илон Маск күдікті ретінде танылды: Париж прокуратурасы X компаниясына қатысты тергеу бастады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж прокуратурасы Илон Маск пен оның X әлеуметтік желісі компаниясына қатысты тергеу бастады, деп жазады Egemen.kz.

Илон Маск күдікті ретінде танылды: Париж прокуратурасы X компаниясына қатысты тергеу бастады

Мәліметке сәйкес, іс әлеуметтік желінің алгоритмдеріне байланысты 2025 жылдың қаңтарында басталған тергеу аясында қозғалған. Бұған дейін Францияда X компаниясының кеңселерінде тінту жүргізілген.

Илон Маск: Болашақта әр адамның жеке роботы болады

Тергеу барысында Илон Маск сәуір айында Париж прокуратурасына жауап алуға келмеген. Осыдан кейін іс аясында ол және компанияның бұрынғы бас директоры Линда Яккарино күдікті ретінде қарастырылған.

Илон Маск бұл жағдайды «саяси қысым» деп бағалады. 

Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты

Айта кетейік, француз билігі бұған дейін де Telegram негізін қалаушы Павел Дуров ісіне қатысты бірнеше тергеу жүргізген болатын.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар