Парламент • Бүгін, 12:01

Депутат Құрылтай комитеттері мүшелерінің санын шектеуді ұсынды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламентте Құрылтай комитеттерінің құрамындағы депутаттар санын шектеу мәселесі көтерілді. Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Ольга Булавкина айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Депутат Құрылтай комитеттері мүшелерінің санын шектеуді ұсынды

Фото: Ашық дереккөз

Сенатордың сөзінше, мұндай шектеу комитет жұмысының икемділігін күшейтіп, шешім қабылдау жылдамдығын арттыруға ықпал етуі мүмкін.

«Құрылтайда 145 депутат және 8 комитет болады деп есептесек, арифметикалық тұрғыда әр комитетке шамамен 18-19 депутаттан келуі мүмкін. Алайда тәжірибе көрсеткендей, комитеттердің жүктемесі бірдей емес: кейбір комитеттер (әсіресе әлеуметтік-экономикалық бағыттағы) көбірек заң жобаларын қарайды, ал кейбіреулерінің жүктемесі төмен болады», деді депутат.

5 жыл мерзімге 145 депутат – Мәжіліс Құрылтай туралы конституциялық заңды мақұлдады

Оның айтуынша, комитеттер құрамын қысқарту жұмыс сапасын жақсартып, әр заң жобасына тереңірек сараптама жасауға мүмкіндік береді. 

«Сондықтан комитеттердегі нақты лимитті қатаң бекітпей, оны Құрылтайдың өзіне қалдыру орынды. Бұл депутаттарға кадрлық ресурстар мен өзекті міндеттерге қарай құрамды икемді түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді», деді Ольга Булавкина.

Үкіметтің қызметін бақылау және соттардың тәуелсіздігі: Құрылтайға қандай өкілеттілік беріледі?

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар