16 Шілде, 2010

АДАМДАРДЫҢ ӨЗДЕРІНЕ САҚТЫҚ КЕРЕК

863 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Сіз не дейсіз? Қазір жазғы суға түсу маусымы қыз­ған шақ. Бүгінде жас та, жасамыс та өзен-көлдерді, су-тоғандарды жағалап жүр. Бұл да болса аптап ыстықтан саялаудың бір жолы екені даусыз. Алайда, судың тілсіз жау екенін ұмытып кетіп, арты қайғылы оқиғаға соғып жататын жайлардың да кездесіп қалатыны жасырын емес. Суға түсу мау­сы­мы бас­талмай жатып-ақ екі адам ажа­лын судан тапқан болатын. Осын­дайда судан құтқарушылар қай­да қарап отыр деген де сөздер естіліп қалады. “Егемен Қазақ­стан” газетінің Ақтөбе облысын­дағы тілшісі Сатыбалды Сәуірбай   Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті “Суда құтқару қызметі” мемлекеттік мекемесінің бастығы Қасымжан Байсадақовқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Шыны керек, әр өзен-көл­дің, су қоймасының қасына құт­қарушы қою қиын. Әңгіме мұнда да емес, мәселе адамдардың суға тү­судің қарапайым ережелерін сақтамауында. Дегенмен, соңғы үш жылдық талдау көрсеткеніндей, өт­кен жылы суға кету дерегі оның ал­дындағы екі жылға қарағанда екі есе кеміді. Суға кету себебі – рұқ­сат етілмеген жерлерде шомылу, адамдардың ішіп алып,мас күйінде суға түсуі және балалардың су тоғандарында ата-ананың қа­рауын­сыз жүруі. Жыл сайын суға шомылу мау­сымы басталар алдында суға түсуге болмайтын жерлерге рұқсат етіл­мей­тіндігін және тыйым салы­на­тын­дығын білдіретін белгілер қойылады. Биыл осындай 50 белгі қойылды. Үстіміздегі жылы бізбен су аквато­рия­сының түбін зерттеуге және та­зартуға тек “Энергетик”, “Восток” жазғы демалыс лагерьлері, Ақтөбе су қоймасындағы “Саяхат” дем­алыс базасы мен Електің тұр­ғын­дар қалашығы тұсындағы жаға­жай ғана келісім-шартқа отырды. “Энер­гетик”, “Восток” лагерьлері мен “Саяхат” демалыс базасының су тоғандары сүңгуірлік тексеру­лер­ден өткізілді, демалыс база­ла­ры­ның иелеріне “Жағажай төлқұ­жа­ты”, сондай-ақ адамдардың суда өзін қалай ұстауы керектігі туралы көр­некі стендтер берілді. Су тоған­дарына жақын төрт жағажай, жеті балалар демалыс лагері тексерілді. Балалардың суға кетіп, қазаға ұшырамауы үшін мектеп жанын­да­ғы және қала сыртындағы демалыс лагерьлерінде жаз бойы судағы қауіп­сіздік туралы лекциялар мен әңгімелесулер өткізіледі. Шилісай кентінде “Жас туристер” қалалық стансасы қаланың оқу орындары арасында өткізетін “Қорқыныш факторы” жарысына қатысушы­лар­дың қауіпсіздігін де біздің қыз­мет мамандары қамтамасыз етеді. Жаңа “Земснаряд” ауданында құт­қару бе­кеті қойылды. Құтқару бе­ке­ті ва­гон­да орналасты. Онда құт­қарушылар тұ­рады, осы аудандағы суда бақыт­сыз жағдайдың алдын алу бойынша тәулік бойы кезек­ші­лік қызметін атқарады. Құтқару бекеті қажетті қондырғылармен құтқару құрал-жабдықтарымен, үзіліссіз байланыс­пен, сондай-ақ алғашқы медици­налық көмек көр­сету үшін қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Жазғы маусым­да 52 суда құтқару қызметі жұмыс істейді. Олар жеті автокөлікпен, жеті қайықпен қамтамасыз етілген. Биылдың өзінде “УАЗ” және “ГАЗель” маркалы екі автокөлік алдық. Сондай-ақ, Шалқар көлінде бір суда құтқару бекеті жұмыс істейді. Ол суда құтқаруға қажетті құрал-жабдықпен толық қамтама­сыз етілген. Биыл су жаңа “УАЗ” автокөлігін алып бердік. Судағы қауіпсіздік шаралары бойынша мемлекеттік және орыс тілінде 640 плакат пен парақша шы­ға­рылып, профилактикалық жұ­мыс­тар жүргізу кезінде олар қа­ла­дағы оқу орындарына таратылды. Қауіпті акваторияларда рейд жүр­гізу кезінде тұрғындарға тарату үшін суда адамдардың өзін-өзі ұс­тау ережелері бойынша қосымша пла­каттар мен парақшалар шыға­рыл­ды. Бұқаралық ақпарат құрал­да­рында судағы қауіпсіздік шаралары туралы тұрғындарды құлақтандыру бойынша профилактикалық жұ­мыс­тар тұрақты жүргізіліп келеді. Қысқасы, жазғы суға түсу мау­сы­мы­на суда құтқарушылар жан-жақ­ты әзірлікпен келген болатын. Бірақ, ең бастысы, адамдардың өздеріне сақтық керек. Ақтөбе облысы.