Оқиға • Бүгін, 09:55

«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 19 жастағы студент «Бәйтерек» монументінің жанында әдепсіз суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жариялағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған бес тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында елорданың басты символының аясында жасалған ерсі әрекетті анықтаған. Көп ұзамай тәртіп сақшылары 19 жастағы қала тұрғынын ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Оның әрекеті «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша бағаланып, іс материалдары сотқа жолданды.

Алматыдағы студенттің өлімі: Қайғылы оқиғаға әділетсіз бағалау себеп болды ма?

1

«Сот К. есімді азаматтың «Бәйтерек» монументінің жанында әдепсіз суретке түсіп, оны интернет желісіне орналастырғанын анықтады. Бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу және азаматтардың тыныштығын алу болып саналады. Құқық бұзушының әрекеті «Бәйтерек» монументін пайдалана отырып, әдепсіз визуалды жест жасау арқылы көрініс тапқан, бұл қоғамға деген анық құрметсіздік пен мінез-құлық нормаларын бұзуды білдіреді», делінген сот хабарламасында

Сот отырысында студент кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Сот шешім қабылдау кезінде құқық бұзушының жас ерекшелігі мен студенттік мәртебесін ескере отырып, оны 5 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.

18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар