14 Мамыр, 2015

Батыс Қазақстанда кен орны аумағынан екі ауыл көшірілмек

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
000ОРАЛ. 14 мамыр. Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ кен орны маңайындағы Березовка және Бестау ауылдары өзге жаққа көшірілмек. Аталған бастама Қазақстан Үкіметі Қарашығанақ кен орнының санитарлық қорғау аумағы радиусын белгілеу жөніндегі жаңа жобаны бекіткен кезде жүзеге асады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қолға алынған әлеуметтік маңызы өте жоғары мәселеге байланысты Қарашығанақ кенішіндегі КПО б.в. консорциумы санитарлық қорғау аймағы радиусын ұлғайту жөніндегі жобаны жасақтады. Оны еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі тұтынушылардың құқын қорғау жөніндегі комитетке тапсырды. Жер қойнауын пайдаланушылардың өміршең көзқарасынан туындаған тың жоба кен орнының оңтүстік бөлігіндегі нысандардың жабдықтарын жаңғыртумен байланысты болып отыр. Соған сәйкес санитарлық қорғау аймағының іс-әрекет аумағына Березовка және Бестау ауылдары ілінген. Аталған елді мекендердің тұрғындарына көшу үшін Бөрлі, Аралтал ауылдары мен Ақсай қаласы ұсынылған. Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінен алынған ақпаратта Ақсай қаласына адамдарды көшіру биылғы жылдың үшінші тоқсанына белгіленгені көрсетілген. Келесі кезектегі Бөрлі мен Аралтал ауылдарына тұрғындар тиісінше 2016 және 2017 жылдары көшірілмек. «Көшу мерзімінің бұлай болу себебі, жер телімдерін беру мен үй құрылыстарын жүргізуге байланысты», – дейді Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат Абуов. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: uralskweek.kz.