Жақында Тараз қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада дүркіреп өткен болатын. Осы бәсекеде Т.Рысқұлов ауданынан келген команда ерекше ойын өрнегімен көзге түсіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген еді. «Шіркін, Құлан өңірінің жігіттерін қарашы, қызметте де, спортта да жүйрік екен» десті жұрт. «Бақсақ бақа екен» демекші, спартакиадада өнер көрсеткендер мемлекеттік қызметші емес, кәсіби спортшылар болып шықты.
Спартакиаданың қорытынды есебіне сәйкес, Т.Рысқұлов ауданынан қатысқан спортшылардың арасынан мемлекеттік қызметші еместігі анықталып, бірқатар азаматтар жарыстан шеттетілген. Мысалы, ұйымдастырушылар жарыс кезінде мемлекеттік қызметші болып табылмайтын азаматша С.Скребецті «Қарақыстақ», азаматша Н.Дзюбинаны «Новосель» ауылдық округтері аппараттарының мамандары ретінде қатысқандығын, олардың қолында «қызметтік куәліктің» болғандығын анықтаған.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.