Ғылым • Бүгін, 14:21

Тараздық оқушы қатерлі ісікті анықтайтын ғылыми жобасымен әлемдік көрмеде топ жарды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Финикс қаласында Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесі аяқталды. Әлемдегі ең беделді ғылыми додаға биыл 60-тан астам елден 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараздық оқушы қатерлі ісікті анықтайтын ғылыми жобасымен әлемдік көрмеде топ жарды

Қазақстан атынан жеті оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады. Байқау қорытындысында Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай арнайы жүлделермен марапатталды.

Оралдық оқушылар қант диабетінің мөлшерін тексеретін құрылғы ойлап тапты

Ол «Машиналық оқыту негізінде қатерлі ісіктерді автоматты түрде анықтау жүйесі» атты ғылыми жобасымен MAWHIBA Foundation қорының 400 доллар көлеміндегі ақшалай сыйлығын және Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және пайдалы қазбалар университетіне (KFUPM) білім беру грантын иеленді. Жоба жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы қатерлі ісіктерді ерте әрі дәл анықтауға бағытталған.

19 елдің ішінен дара шықты: Қазақстандық оқушылар Литвада өткен білім бәйгесінде топ жарды

Regeneron ISEF – мектеп оқушылары арасындағы әлемдегі ең ірі ғылыми-инженерлік көрмелердің жетекші алаңы. Байқауды халықаралық ұйымдар мен ірі технологиялық компаниялар қолдайды. Солардың бірі – MAWHIBA Foundation қоры. Бұл ұйым Сауд Арабиясындағы дарынды балалар мен жас ғалымдарды қолдауға бағытталған және ғылым, технология мен инновация салаларындағы таланттардың халықаралық деңгейде дамуына мүмкіндік береді. Қазақстан бұл дүниежүзілік байқауға 1999 жылдан бері ұлттық серіктес ретінде тұрақты қатысып келеді.

Соңғы жаңалықтар