АСТАНА. 17 тамыз. Президент белгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі Базарбай Жұманиязовтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мемлекет басшысы ауыр қайғыға ортақтаса отырып, көңіл айтты.
Қазақстан Президенті қазақ өнерінің көрнекті өкілі Б. Жұманиязов отандық кәсіби музыка саласының дамуына зор үлес қосқанын атап өтті.
«Оның асқақ рухты «Махамбет» операсы, көптеген симфония-поэмалары, әсем әндері мен романстары ұлттық рухани қазынамызды байытып, мәдениетіміздің алтын қорынан лайықты орын алды. Б.Жұманиязов тәуелсіз еліміздің өнерін өркендету жолында да талмай еңбек етті», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев дара дарын иесінің өнегелі өмірі, жарқын бейнесі, биік талғамнан туған музыкалық туындылары халық жүрегі мен жадында мәңгі қалатынын атап көрсетті.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 17 Тамыз, 2015
Елбасы композитор Базарбай Жұманиязовтың отбасына көңіл айтты

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше