АСТАНА. 14 мамыр. Қазақстанның белгілі кәсіпқой бокшысы Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы iOS және Android операциялық жүйелеріндегі смартфондар үшін Gennady Golovkin қосымшасын іске қосты. Бұл туралы боксшының ресми сайты gggboxing.com хабарлады.
Қосымша боксшының жанкүйерлеріне арналған. Ол жерде Головкиннің әлеуметтік желілердегі барлық ресми парақшалары жинақталған. Сондай-ақ, жанкүйерлер қосымша арқылы соңғы жаңалықтарды біліп қана қоймай, боксшының сирек кездесетін суреттерін көре алады. Одан бөлек, мәтіндік, дыбыстық және видео хабарлама жіберуге мүмкіндік бар.
Әзірге жаңа қосымша үш тілде жұмыс істейді. Олар: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Алдағы уақытта испан тілінде де қызмет көрсетеді деп күтілуде.
«Жаңа гаджетті App Store және Google Play арқылы тегін жүктеп алуға болады. Геннадийдің әлем бойынша жанкүйерлері өте көп. Сондықтан бұл қызмет түрі боксшының өмірі туралы аз уақытта бір жерден көп мәліметтер алуға мүмкіндік береді деп сенеміз», – дейді Головкиннің менеджері Олег Герман.
Гаджет өзге қосымшалар тәрізді тұрақты жаңарып, жетілдіріліп отырады. GGG App қосымшасы Германияның Bside-Me GmbH компаниясымен бірлесіп жасалған.
Айта кетейік, даңқты боксшымыз 17 мамыр күні таңда АҚШ-та Вилли Монроға қарсы кезекті жекпе-жегін өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: gggboxing.com.
• 14 Мамыр, 2015
Смартфондарға арналған Gennady Golovkin қосымшасы іске қосылды

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше