14 Мамыр, 2015

Қазақстанның әскерилері Тәжікстандағы оқу-жаттығуға қатысады (фото)

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14.05.2015 Astana-1АСТАНА. 14 мамыр. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жедел іс-қимыл ұжымдық күштерінің құрамындағы (ҰҚШҰ ЖІҰК) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімшелеріне қарасты басқару органдары мен бөлімдері әуе тасымалы арқылы Тәжікстан Республикасына күштер мен қажетті құралдарды жөнелте бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 14.05.2015 Astana-2Қазақстандықтар дербес топ. Олар өздерімен бірге техниканы, қаруларды, оқ-дәрілерді, шатырларды, дала асханасын, азық-түлікті және ЖММ алып жүруге дайын. Аталған (ҰҚШҰ ЖІҰК) құрамға кіретін ҚР Қарулы Күштерінің күштері мен заттардың бөлігін қауырт тексеру шеңберінде әскери артиллериядан ату, сондай-ақ РХБ барлауды және қару-жарақ пен әскери техниканы газсыздандыруды жүргізуде жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау үшін «Мәтібұлақ» (Гвардейск әскери қалашығы) оқу-жаттығу орталығына жиналды. 14.05.2015 Astana-3Шекарада бақылаудан өткізуді, басқа мемлекеттерге ұшуды, сондай-ақ әскери қару-жарақ пен техниканы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тексеруге ҰҚК, СІМ, ИДМ бөлімшелері және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері тартылды. 14.05.2015 Astana-4Естеріңізге сала кетейік, ҰҚШҰ аясында халықаралық міндеттемелерге сәйкес ҚР Қарулы Күштерінің атынан баратын ЖІҰК құрамына десантты-шабуылдау, арнайы мақсаттағы және авиация, артиллерия және қамтамасыз ету бөлімшелері кіреді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.
Соңғы жаңалықтар