14 Мамыр, 2015

Павлодар облысында соғыс құрбандарына ескерткіш ашылды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14.05.2015 PavАСТАНА. 14 мамыр. Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Шұға ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған ескерткіш ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ескерткішті орнатуға ауыл азаматтары бір кісідей асарға келіп көмектесті.  Оның ашылу салтанатынан кейін Хасен Шаяхмет атындағы мектеп мұғалімдері, оқушылары белсенділік көрсетті. Концерттік бағдарлама әзірледі. Ауылда қазақ болған жауынгер ата-бабаларына ас берілді. 14.05.2015 Pav-1Ескерткіштің ашылуына қатысқан Елеусіз Рақымжанқызының айтуынша, аудан орталығынан шалғайдағы Шұға ауылына жиналған ауылдықтар Жеңістің 70 жылдығына жақсы дайындалып, оны лайықты деңгейде мерекеледі. «Ер есімін – ел сақтар» – деген. «Жеңіс»!, «Жеңіс!», «Жеңіс»! – деген хабардың жеткеніне, міне, 70 жыл. Біз ауыл азаматтарына ризамыз. Бәрі бір кісідей ескерткішті орнатуға атсалысты. Салтанатты рәсімде Нығи ақсақал мен  тыл ардагері Уалихан Тохтыбай  сөз сөйледі.  «Ерлікке тағзым» тақырыбында мектеп оқушылары, кішкентай ауыл балалары да қосылып веложорыққа шықты. Енді келесі жылы Тыл ардагерлеріне де мемориалды тақта орнатылады», деді ол. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz