АСТАНА. 14 мамыр. Астанада өз-өздеріне қол жұмсаған екі оқушы қыздың өліміне байланысты полиция қызметкерлері тергеу амалдарын қолға алды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқушы қыздар көп қабатты тұрғын үйдің балконынан секіріп кеткен. Астана қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, қайғылы оқиға қаланың Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылындағы үйлердің бірінде тіркелген.
«Қазіргі таңда өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша полиция қызметкерлері оқиғаның анық-қанығын тексеруде. Жасөспірімдердің мұндай қадамға не үшін барғандары, себеп-салдары анықталатын болады», – делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Баспасөз қызметі тергеу ісіне кесірі тимес үшін бұл жайтқа қатысты толық мәліметтерді хабарлаған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Ақтөбеде дәл осыған ұқсас қайғылы жайт тіркелген еді. Қаладағы №3 орта мектеп оқушысының өз үйінде асылып өлгені дүйім жұртты дүрліктірді. Сәуір айының соңында дәл осы оқу орнының мұғалімі де өз-өзіне қол салған болатын.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: faminta.com.
• 14 Мамыр, 2015
Астанада екі оқушы көп қабатты үйден секіріп, жантәсілім етті

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше