18 Тамыз, 2015

Алматыда Наурызбай ауданындағы төтенше жағдайдың мерзімі бітті

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-08-2015-Almaty 1АЛМАТЫ. 18 тамыз. Қаладағы Наурызбай ауданының аумағында жарияланған төтенше жағадайлар мерзімінің біткені туралы хабарланды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек оқиға болған аймақта өткізген көшпелі мәжіліс барысында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. 23 шілде күніАлматыны дүрліктіріп сел жүрген Қарғалы өзенінің 13 шақырымы тасқын толтырған қоқыс пен батпақтан тазаланып, 5 шақырымдай өзен арнасы қайтадан, мықтап нығайтылды. Күні бүгінге дейін апатты аймақтан 175855 текше метр тас араласқан қойырпақ-балшық қала сыртына шығарылды. «Біз бүгінгі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, төтенше жағдайлар мерзімін тоқтаттық. Бұдан ары қарай барлық міндетті әдеттегідей коммуналды қызметтің мойнын жүктейміз. Ендігі мақсатымыз – 1 қыркүйекке дейін апатты сел жүріп өткен аумақтағы 3 орта мектепте балаларды қабылдайтындай дәрежеге жеткізу», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 18-08-2015-Almaty 2