АСТАНА. 14 мамыр. Ауғанстан астанасы – Кабулде болған лаңкестік оқиға салдарынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы да бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада: «Осы жылдың 13 мамырында лаңкестердің Кабулдегі Park Palace Hotel қонақ үйіне жасаған қарулы шабуылы салдарынан сол кешенге тоқтаған Қазақстан азаматы, 1987 жылы туған Әйгерім Абдуллаеваның қаза тапқанын растаймыз. Соған байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – делінген.
Қазақстанның Кабулдегі елшілігі болған жайтқа байланысты қажетті консулдық-құқықтық әрекеттерді қолға алды. Сондай-ақ, марқұмның денесін Отанына жеткізу үшін көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады.
Айта кетейік, қайғылы жағдай кеше кешкісін болған. Аталған қонақ үйде тұратын шетелдіктер үшін жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де концерт ұйымдастырылады. Сол кезде қаруланған лаңкестер кешенге басып кіріп, шараға қатысушыларға шабуыл жасаған. Полицейлер келгенше лаңкестер қонақ үй күзетінің қызметкерлерін өлтіріп, шетел азаматтарын кепілдікке алып үлгерген. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бірден ішке еніп кете алмады. 7 сағатқа созылған ұрыс кезінде барлық лаңкестің көзі жойылды.
Қарулы шабуыл салдарынан Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Италия, Ұлыбритания және Үндістан азаматтары да құрбан болды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
• 14 Мамыр, 2015
Кабулдегі лаңкестік құрбандары арасында Қазақстан азаматы да бар

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше