14 Мамыр, 2015

Алматы облысында жол апатынан үш полицей опат болды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-05-15-DTP-almaty-2

АСТАНА. 14 мамыр. Алматы облысында полицейлер мінген көлік апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Телеарна тілшісінің хабарлауынша, полицейлердің қызметтік көлігі Талғар қаласында басқа жеңіл машинамен бетпе-бет соғылған. Жол апаты Жеңіс мерекесі қарсаңында орын алыпты. Бірақ болған оқиға тек 4 күннен кейін ғана мәлім болып отыр. Кейбір куалардың айтуларынша, жолда жүру ережесін патруль көлігі бұзғанға ұқсайды. «ППС-тың машинасы дабыл белгісін қоспай, қарсы бетке шықты да соғып кетті, ағасы! Біз осы жерде тұрдық!», - деді олар. Ал Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Дарын Арыстанбековтің айтуынша, куәгерлердің мәліметтері шындықа жанаспайды. «Куәгерлер болған оқиға туралы анықтама беріп жатқанда удай мас болған. Және болған оқиғаны өз көзімен көрмеген. Жол апаты туралы сол арадағы кісілерден естіп білген. Бұл жайлы жалған куәгерлердің өздері біздерге айтып мойындады», - деді Арыстанбеков. Құрыш Нұрымбет. Дерек, сурет: КТК.