АСТАНА. 15 мамыр. Қазақстан адам капиталының сапасы бойынша әлемдік рейтингте дүниежүзінің 124 елінің ішінде 37-орында келеді. Бұл туралы The Human Capital Report-тың адам капиталы туралы есебіне сілтеме жасап, tengrinews.kz хабарлады.
Әлемдік рейтинг әртүрлі жастағы топтарға қатысты адам капиталының даму мүмкіндіктерін өлшейді. Оның ішінде білім алу қолжетімділігі мен сапасы, біліктілікті арттыру мүмкіндігі; жұмыспен қамтылу, экономикаға қызығушылық білдіру және дағдыны қалыптастыру сынды мәселелер қарастырылған.
Бұл рейтингтегі Қазақстанның көрсеткіштері әртүрлі. Мәселен, үздік көрсеткіштер 55-64 жас аралығындағыларға тиесілі болып, аталған топ әлем бойынша 12-орынға тұрақтаған. Ал 25-54 жас аралығындағы топ бойынша еліміз 43-орынға табан тіреген. Бұрынғы КСРО елдерінің ішінде Эстония (16-орын), Литва (18-орын), Латвия (23-орын), Ресей (26-орын) және Украина (31-орын) Қазақстаннан алда тұр.
Адам капиталының сапасы бойынша әлемдік рейтингте 1-орынды Финляндия алды. Ал 2-орында Норвегия, одан кейін Швейцария, Канада мен Жапония тұр. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Швеция, Дания, Нидерланды, Жаңа Зеландия және Бельгия енді. Бұл тізімде Франция 14-орында болса, АҚШ – 17-ші, Ұлыбритания – 19-шы, Германия – 22-ші орынды місе тұтқан. Тізімнің ең соңғы сатысында Йемен тұр.
The Human Capital Report есебінде: «Адам капиталының сапасы бойынша әлемдік рейтинг білім беру мен маман қорының даму өсімін анықтау құралы болып табылады. Алдағы уақытта қызығушылық білдірген тараптар жағдайды оңалту үшін нақты шешімдер қабылдай алады», – делінген.
Еламан Қоңыр.
Дерек: tengrinews.kz.
Сурет: hr-portal.ru.
• 15 Мамыр, 2015
Адам капиталының сапасы бойынша Қазақстан әлемде 37-орында тұр

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше