18 Тамыз, 2015

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18 08 - kelimbetov АСТАНА. 18 тамыз. Президент Ұлттық банк төрағасын қаблдады. Кездесу барысында Қ.Келімбетов елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы туралы баяндады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев күрделі экономикалық жағдайға байланысты көп нәрсе Ұлттық банктің жұмысына, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатына тәуелді екенін атап өтті. «Бюджеттің жағдайының нашарлауына, барлық экспорттық тауарларымызға бағаның төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің жұмысын жоғары біліктілікпен жүргізуі аса маңызды», – деп атап өтті Қазақстан Президенті. Ұлттық банк төрағасы биылғы қаңтар мен маусым аралығы кезеңінде инфляция 1,4 пайызға тең болғанын, бұл ретте жылдық инфляция 3,9 пайызды құрағанын айтты. «Бұл осы уақытқа дейінгі ең төмен көрсеткіш, яғни біз инфляцияны 3-4 пайыз деңгейінде сақтау жөніндегі тапсырманы орындадық. Бұл орайда, Ұлттық банктің жиынтық халықаралық резерві 29 миллиард доллар болды. Салымдар бірінші жартыжылдықта 2,3 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздар үлесін азайту мәселесі шешілді, бұрын оның көлемі 33 пайызға жеткен болса, қазіргі уақытта ол 9,98 пайызға дейін төмендеді», – деді Қ.Келімбетов. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Айдар Өрісбаев. Дерек, сурет: akorda.kz.