АСТАНА. 18 тамыз. Аты әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду Нью-Йорк қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінен 18,5 миллион долларға пәтер сатып алды. Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасаған sports.ru хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, 30 жастағы португал пәтерді Бесінші авенюда орналасқан Tramp Tower кешенінің 58-қабатынан сатып алған. Аумағы 233 шаршы метрді құрайтын жылжымайтын мүлік элиталық деңгейдегі баспаналардың қатарына жатады.
БАҚ өкілдері Роналдудың бұл әрекетін әртүрлі топшылауда. Кейбіреулер оның алдағы уақытта Америка чемпионатына (MLS) ауысуы мүмкін екенін хабарлап үлгерді. Тіпті футболшы «Нью-Йорк Ред Буллс» немесе «Нью-Йорк Сити» командаларының қатарына қосылады деген пікірлер де айтылуда.
Айта кетейік, атлет бүгінде Испанияның «Реал» (Мадрид) командасында ойнайды. Форвардтың корольдік клубпен арадағы келісімшарты 2018 жылы аяқталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: sports.ru.
Сурет: popsugar.com.
• 18 Тамыз, 2015
Роналду Нью-Йорктен 18,5 млн. долларға пәтер сатып алды

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше