Оқиға • Бүгін, 17:38

Ақтоғайда теміржол нысандарының бірінде шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген

1 мин
оқу үшін

Абай облысының Ақтоғай станциясында салынып жатқан теміржол нысандарының бірінде көрші елден келген бес шетел азаматы заңсыз жұмыс істеген. Оларды жергілікті көлік полициясы рейд кезінде анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтоғайда теміржол нысандарының бірінде шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген

Фото: ІІМ

Шетелдік азаматтар жергілікті атқарушы органның тиісті рұқсатынсыз еңбекке тартылған. Аталған жайтқа байланысты мердігер компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалаған.

«Сонымен қатар бес шетел азаматы да көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен олардың төртеуіне айыппұл салынса, бір азаматқа 1 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды» делінген ІІМ хабарламасында.

Теңіздегі тексеріс: 27 шетелдік Қазақстаннан шығарылды

Еске сала кетейік, бұған дейін бір келі есірткіні жұтып, ел аумағына өтпек болған шетелдік ұсталған болатын. 

Соңғы жаңалықтар