АҚТӨБЕ. 15 мамыр. Ақтөбеде «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ғимаратында «Парыз» қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында мүмкіндігі шектеул үш адамға көмек көрсетілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Құралай Бәйменова жетекшілік ететін бірлестік 16 жылдан бері көптеген мүгедек жандарға түрлі бағытта қолдау жасап, «Парыз» қайырымдылық шарасын дәстүрлі өткізіп келеді. Сол дәстүр бойынша биыл I топ мүгедегі Жанар Есетоваға Оңтүстік Корея елінде операция жасату үшін 10 мың АҚШ доллары табысталды. Бұл қомақты қаржыны ұлты кәріс еріктілер жинап берген. Сондай-ақ, акция аясында III топ мүгедегі Жанаргүл Изматоваға Мәскеуде ем-дом қабылдау үшін бейтаныс жеке тұлғадан 400 мың теңге бөлінген.
Шара барысында тағдырластарына тартынбай қол ұшын созатын Құралай Бәйменова да елеусіз қалмады. Мерейлі жасқа толып отырған оған «Хабар-сервис» ЖШС-нің директоры Мұхтар Әбілқайыров көпфункционалды-вертикализаторлы, электрлі мүгедек арба сыйлады.
Аталған бірлестіктің атқарушы директоры Гүлмирам Сражованың айтуынша, орталықта 1 200-ден аса мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Ұйымда 30 адам қызмет етеді. Қазіргі таңда шетелде ота жасатқалы отырған Жанардың жол шығынына қажетті ақша жиналуда.
Ақтөбе қаласында өтетін аламан айтыстан түсетін қаржы I топ мүгедегі Әлібек Елеусізовтің Қытайда арнайы ем алуы үшін жұмсалмақ. Жалпы, бірлестіктің мүмкіндігі шектеулі жандарға өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі жолында көптеген игі істерге ұйтқы болып келе жатқанын айту ләзім.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше