Президент • Бүгін, 13:43

️Мемлекет басшысы: Қазақстан шетел инвестициясын тарту көрсеткіші бойынша аймақта көш бастап тұр

1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

️Мемлекет басшысы: Қазақстан шетел инвестициясын тарту көрсеткіші бойынша аймақта көш бастап тұр

Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, елге инвестиция тартуда тиімді құқықтық орта қалыптастыру маңызды рөл атқарады.

«Инвестиция тартудың тағы бір маңызды факторы бар. Астана халықаралық қаржы орталығында Сот пен Арбитраж орталығы ағылшын құқығы қағидаттарына сай жұмыс істейді. Елімізде Үкімет жанынан Инвестициялық штаб құрылған. Аталған штаб соңғы уақытта инвестициялық жобаларға қатысты түйткілді мәселелерді жедел шешу арқылы өзінің тиімділігін көрсетті.  Сонымен қатар Президент Жарлығымен Бас Прокуратурада Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Біз іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға барынша мүдделі мемлекет ретінде осы саладағы жұмысты айрықша назарда ұстаймыз. Қазір Қазақстан шетел инвестициясын тарту көрсеткіші бойынша біздің аймақта көш бастап тұр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – алдыңғы қатардағы міндеттің бірі

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы елордада «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумына қатысты.

Соңғы жаңалықтар