АЛМАТЫ. 15 мамыр. Кеңес Одағының бірінші және соңғы президенті Михаил Горбачев 1980 жылдары өзі ел басқарып тұрғандағы тағы бір қателігін мойындады. Ол – алкогольге қарсы күрес екен. Бұл туралы kp.ru хабарлады.
Михаил Горбачев жергілікті басылымға берген бір сұқбатында: «Кеңес Одағы кезіндегі мен жүргізген саясаттың бір ұшқыны, яғни науқанның сол кездегі әдісі дұрыс болмады. Мәскеу дүкендері алдында адамдар ұшы-қиыры жоқ кезекке тұрды, жасырын түрде самогон жасау көбейді. Содан да болар дүкендерде қант таусылды» – деді. Сондай-ақ, экс-басшы сол тұста қоғамды бәрібір сауықтыру керек болатын жеткізді. Алайда, Михаил Горбачев халыққа баяулатып, алкогольге қарсы күрес науқанын ұзақ мерзімдік жоспармен жүргізу әлдеқайда тиімді болатынын енді түсініп отыр.
Айта кетейік, Горбачев бастаған науқанның КСРО бюджетіне нұқсан келтіргені тарихтан белгілі. Экономикалық дағдарыстан шошынған кеңестік басшылар содан да болар, маскүнемдікке қарсы күрестің залалын байқамаған сыңаймен бастаған істі аяқсыз қалдырды.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: kp.ru.
• 15 Мамыр, 2015
Михаил Горбачев алкогольге қарсы күресті басты қателігі санады

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше