ПЕТРОПАВЛ. 2 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Ерік Сұлтанов бөгденің дүние-мүлкін ұрлаудың бәсеңдемей отырғанына байланысты шұғыл селекторлық кеңес өткізіп, полиция құрамы мен тиісті орындар алдына нақты міндеттер қойды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ерік Хамзаұлы өз сөзінде бөгденің дүние-мүлкін жымқыру өңірде өзекті мәселе болып отырғанын, барлық ұрлық-қарлықтың 70 пайызын құрайтынын ерекше атап өтті. Былтыр 7 мыңға жуық өзгенің мүлкін қолды ету оқиғалары тіркелген.
Криминальды полиция басқармасының басшысы Мыңбай Асылбековтың баяндауынша, қылмысты ашу 4,5 пайызға жақсарғанымен, оңай олжаға батуды көздеген суыққолды әрекеттер 7,5 пайызға көбейген.
Е. Сұлтанов қабылданып жатқан шаралардың аздығына кеңеске қатысушылардың назарын аударып, бұдан былай көп қабатты үйлерді пайдалануға бергенде бейнекамераларды қоса орнатуды, түсінік жұмыстарын ширатуды тапсырды. Өйткені, мал ұрлығының бәсеңдемей отырғаны, иелерінің қараусыз қалдыратыны да алаңдатпай қоймайды. 183 ауылдық округте часкелік инспекторлар жұмыс істегенімен, шабан қимылдайды.
Селекторлық жиын соңында әкім өзгенің мүлкін ұрлауға қарсы ведомствоаралық іс-жоспар шараларын бекітті.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.Kz.
Сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10