Ауа райы • Бүгін, 08:06

Жаңбыр жауып, күн күркірейді: 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» мәліметінше, 11 маусымда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Әсіресе, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жауын-шашын жиілеп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңбыр жауып, күн күркірейді: 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото: istockphoto.com

Елордада күн бұлтты болып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы күндіз +26…+28 градус шамасында болады.

Алматыда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +25…+27 градусқа дейін көтеріледі.

Ең ыстық ауа райы Түркістан, Шымкент пен Атырау қалаларында сақталады. Бұл өңірлерде күндізгі температура +34…+35 градусқа дейін жетеді. Сонымен қатар Тараз бен Қызылордада да аптап ыстық болады.

Ақтау, Орал, Тараз және Түркістан қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Қалған өңірлердің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 9-11 маусым күндері елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 11 маусымда оңтүстік-шығысында жаңбыр жауатынын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Тарихы терең рухани орда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

«Ацтека». Доп. Дүбір!..

Футбол • Бүгін, 09:00

Рыбакина орнын сақтап қалды

Теннис • Бүгін, 08:58