15 Мамыр, 2015

Қазалының жас кәсіпкері 2 млн. теңгелік мемлекет грантын жеңіп алды (фото)

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-05-2015-kazaly 03АСТАНА. 15 мамыр. Қызылорда облысы Қазалы ауданының жас кәсіпкері 2 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грантты жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік грант ұсыну нысаны бойынша жарияланған конкурсқа Қазалы ауданының жас кәсіпкері Мейрімжан Қаниев құны 3,3 млн. теңгені құрайтын «Сувенир өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру» жобасын ұсынған болатын. Нәтижесінде жас кәсіпкер жоба бойынша өтеусіз және қайтарымсыз негізде 2 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды. Мейрімжан осыған дейін қажетті материалдарды тапсырыс арқылы өзге жерлерден алдырып келді. Енді ол қажет заттардың көбін өзі дайындап, сувенир өндірісін бұрынғыдан да жетілдіруді көздеп отыр. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: egemen.kz. 15-05-2015-kazaly 02 15-05-2015-kazaly 01