ОРАЛ. 2 наурыз. Батыс Қазақстан облысында суармалы жерлер тиімді пайдаланылмауда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«ҚазСуШар» РМК Батыс Қазақстан филиалының директоры Қазыбек Кенжеғалиевтің айтуынша, өңірдегі 255 мың гектар суармалы алқаптың тең жартысына жуығын қалпына келтіру қажет. Бұл үшін ең алдымен техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттар жасалуы тиіс. Мұнсыз қаражат қарастырылмайды. Алайда, бұл істің деңгейі Орал өңірінде төмен екені қынжылтады.
Сондай-ақ, тұрақты суармалы жерлердің көлемі 55 мың гектардан аспайды. Мұның тек 5 мың гектары ғана пайдаланылады. Неге? Бұл сауалға жауап берген облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов қазір бұл жерлер шаруалардың қолында екенін айтты. Дегенмен, олардың тарапынан енжарлық етек алған. Тіпті өзгесін айтпағанда, суармалы жерге иелік етушілер оның жәй-күйін жақсарту үшін өздеріне берілген демеуқаржыны игеруге де құлықсыздық танытып келеді. Оның көлемі 29 миллион теңгені құрайды.
Тұтастай алғанда өңірде шалғай аудандардағы су нысандарын түгендеу жұмыстарының да бүгінгі деңгейі мәз емес. Одан бөлек, апатты жағдайдағы су нысандарына күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары өз кезегін күтіп тұр. Қазір өңірде бірінші кезекте Орал қаласы маңында «Жасыл белдеуді» құру жұмыстарын жалғастыру және облыс орталығымен іргелес Зеленов, Теректі аудандарындағы суармалы жерлерді қалпына келтіру қажет болып тұр.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: abai.kz.
• 02 Наурыз, 2015
Батыс Қазақстанда суармалы жерлерге қатысты жөнсіздік көп

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10