ПАВЛОДАР. 1 наурыз. Павлодарда «Қазақстан халқы Ассамблеясы –жаһандану үрдісіндегі достық үлгісі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс орталығындағы С.Торайғыров атындағы университетте өткен конференцияда «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Татьяна Кузина баяндама жасады. Ол сөзінің соңында студенттерді 26 сәуір күні өтетін Президенттік сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды. Педагогикалық институттың Еуразиялық интеграция және студенттік Ассамблея орталығының директоры Сәуле Мамытова және «Эльпида облыстық грек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Людмила Ифандопуло сөз алып, «Қазақстан халқы Ассамблеясы-20 ізгі іс» республикалық іс-шарасының қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Жиын барысында жаһандану үрдісінде еліміздегі халықтардың қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтауға бағытталған жұмыстарының стратегиясы мәңгілік екені айтылды. Сондай-ақ, конференцияға қатысқан студенттер де ел тұрақтылығын нығайтудағы Елбасының парасатты саяси бағыт-бағдарын қолдайтындарын танытты. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz.
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
