АСТАНА. 15 мамыр. Мәскеуде амур жолбарысының еті мен адам қолдарын сатқан екі Вьетнам азаматы қолға түсті. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.
Жолбарыстың Қызыл кітапқа енгізілгеніне қарамастан, саудагерлер оны ашық жарнамалаған. Тіпті жергілікті газеттердің біріне саудалары туралы хабарландыру да берген. Тінту кезінде Мәскеу полицейлері бұдан басқа да күтпеген жайттарға тап болды.
Полицейлер жарнама арқылы тұтынушы ретінде хабарласып, саудагерлерді кездесуге шақырады. Олар жолбарыстың басын сатып алу жөнінде сөйлескен. Қазіргі таңда аталған аңның саны әлем бойынша 1 мыңға да жетпейтінін айта кетейік. Жолбарыстың тісінен шеберлер қымбат әшекей бұйымдар мен кішкентай мүсіндер жасайды. Сондай-ақ, үстел сағаттарын әсемдеп, көмкеру үшін де қолданылады. Сол себепті, тек тісінің бағасы шамамен 10 мың АҚШ долларын құрайды.
Ұсталған вьетнамдықтар Мәскеудің Люблино ауданындағы пәтерлердің бірінде тұрған. Сол жерге түнде өлген жолбарыстарды алып келіп, еттерін бөлшектеген. Пәтердегі екі мұздатқыш жолбарыс етімен толтырылғаны белгілі болды. Мұндай еттің килосы жабайы саудада 2 мың доллардан қымбатқа бағаланады. Бірақ бұл саудагерлердің етті қайда жіберіп отырғандары әзірге белгісіз. Осы ретте Мәскеудегі кейбір мейрамханаларда жолбарыс етінен экзотикалық ас дайындалатынын айта кеткен жөн.
Тәртіп сақшыларының бірі бұл қылмыс жөнінде: «Жарнамада ақ жолбарыстың суреті болды. Ал мұздатқышта жатқаны жирен түсті. Сондықтан барлығын ерітіп, нақтылау керек», – дейді.
Бүгінде полицейлер құрып бара жатқан аңның Мәскеуге қайдан әкелінгенін анықтауда.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары пәтерді тінту барысында тағы бір дорбаны тапқан. Алғашында жолбарыстың табандары деп қабылдаған олар, ашқан кезде жантүршігерлік көрініске куә болды. Себебі, дорбаның ішінде адамның қолдары жатқан еді. Қазір осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары қолға алынды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: vesti.ru.

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27