Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында өткен Қазақстанда адам саудасымен күрес саласындағы адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша арнайы баяндама тұсаукесеріне қатысып, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша дөңгелек үстел жұмысына жәрдем жасады.
Арнайы баяндама Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы нәтижесінде әзірленді. Ол ЕҚЫҰ-ның осы саладағы кейбір қызметін және ЕҚЫҰ Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі мен үйлестірушісінің 2013 және 2014 жылдары Қазақстанға сапарларының қорытындылары бойынша жасалған есептерінің ұсынымдарын қамтиды.
Адам саудасының құрбандарына көмек көрсетуге қатысы бар 150-ге жуық қатысушы, соның ішінде орталық және аймақтық билік органдары, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері, ғалымдар, азаматтық қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар, Халықаралық көші-қон ұйымы және ел өңірлерінен келген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арнайы баяндаманы талқылауға салды. Қатысушылар есептiң қорытындыларына, атап айтқанда, адам саудасынан зардап шеккендерге арналған Ұлттық қайта бағыттау тетігін құруға және оларды әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдарына қолдау білдірді.
«Үкімет пен азаматтық қоғам адам саудасы құрбандарына көмек көрсетудегі үйлестіруді күшейту үшін бірге жұмыс істеуге тиіс. Халықаралық ұйымдар мен аймақтық үкіметтік емес ұйымдардың бастамалары құзыретті мемлекеттік органдардың тарапынан тиісті бағалауды таба алмай отыр. Біз азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін пайдаланып, адам саудасы құрбандарының өздерінің құқықтары туралы хабардар болуына ерекше назар аударуымыз керек», – деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
«Адам саудасы адам құқықтарын өрескел бұзу болып табылады және ол, ең алдымен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың ең ауыр түрлерінің біріне жатады. Онымен тиімді күресу үшін ұлттық және халықаралық деңгейлерде келісілген, жүйелі және үйлестірілген тәсілдің болуы қажет», – деп атап өтті Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы, елші Наталия Зарудна.
Іс-шараға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ішкі істер министрліктерінің, облыс әкімдігінің өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері мен сарапшылары, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Егемен-ақпарат».

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56