02 Наурыз, 2015

Атырауда 20 мың адам марафонға қатысты

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
марафонАТЫРАУ. 2 наурыз. Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 20 мың адам жаппай спорттық жүгірістен өткен марафонға қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Спорттық жүгірістің арақашықтығы –2 шақырым 950 метр. Атырау қаласындағы жаппай марафонға 6 000 мыңға жуық адам қатысып, Салтанат сарайынан Исатай-Махамбет ескерткіші алаңына дейінгі аралықты жүгіріп өтті. Батырлар ескеркіші алдында марафонға қатысушылардың арасынан №15 орта мектептің 3-сынып оқушысы Алтынбек Әнуарбек, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 73 жастағы оқытушысы Жақсылық Рашбаев, сонымен бірге, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Сәлімғали Салықбаев арнайы дипломмен марапатталды. Дәл осы алаңда Атырауда тұратын әр этнос өкілдері концерттік бағдарлама ұсынды. Бұл күні жаппай спорттық жүгіріс жеті аудан орталығында да өтті. Оған әр ауданнан 2 мыңнан, барлығы 14 мың тұрғын қатысты. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек:egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.марафон Ассамблея (март) 4 марафон Ассамблея (март) 5