03 Наурыз, 2015

Елшімен екіжақты әңгіме

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парла­­мен­ті Сенаты Халықаралық қа­тынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адыр­беков Словак Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзаны оның өтініші бойынша қабылдады. Кездесуде екі елдің өзара қатынастары және парламентаралық байланыстарды өрістету мәселелері талқыланды. И.Адырбеков қазіргі кезде Қазақстан мен Словакия арасындағы екіжақты қатынастар жоғары деңгейдегі белсенді саяси үнқатысумен ерекшеленетінін әрі келісу-құқықтық база жасалғанын және оның одан әрі жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Бұл ретте, Словак Республикасы Халық Кеңесінің Төрағасы П.Пашкидің 2013 жылғы маусымдағы Қазақстанға сапары екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты үдетуге ықпал еткені айтылды. Осыған байланысты, елші Словакияның екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін нақтылады. Кездесу барысында, сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.