Ашық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен қолөнер шеберлері қатысуға ниет білдіріп, барлығы 330 өтінім түсті. Техникалық сараптамадан кейін қайталанған өтінімдер алынып тасталып, конкурстық комиссия 271 өтінімді қарады.Іріктеу нәтижесінде үздік 10 шебер анықталды. Олар жуырда Астанадағы «Qazaq Creative Hub» алаңында білім беру бағдарламасын бастап, 8–20 жас аралығындағы балалар мен жастарға ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретеді.
Жобаға қызығушылық жоғары болды. Ең көп өтінім оңтүстік өңірлерден түсіп, олардың саны 137-ге жетті. Бұл жалпы өтінімдердің 51 пайызын құрайды.
Қолөнер бағыттарының ішінде дәстүрлі тоқыма өнері мен киіз басу ісі көш бастады. Аталған бағыт бойынша 121 өтінім (44,6%) қабылданды. Сәндік-қолданбалы өнер мен этнодекорға – 42 өтінім (15,5%), ұлттық киімдер мен аксессуарлар әзірлеуге – 31 өтінім (11,4%), ал зергерлік өнерге 20 өтінім (7,4%) түсті.