Қоғам •

Алматы облысында былтыр қазан айында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

1 мин
оқу үшін

Қараой ауылының 1984 жылы туған тұрғыны қожалықтағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Өткен жылдың қазан айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті Алматы облысынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында былтыр қазан айында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Осыдан кейін оның жұбайы полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары ауқымды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, көршілес өңірлерден де іздеген.

Із-түзсіз жоғалып кеткен атыраулық ерлі-зайыпты жер қойнына тапсырылды

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша анықталады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кеткенін жазған едік. Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабар-ошарсыз кеткен 24 жастағы ел азаматы Әсет Құралбайдың қаза тапқанын растаған еді.

Соңғы жаңалықтар