Фото: Istockphoto.com
Жер сілкінісі сағат 00:59-да тіркелген. Ұлттық ядролық орталығына қарасты Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі 42,50° солтүстік ендік пен 70,88° шығыс бойлық координаттарында орналасқан.
Венесуэладағы жер сілкінісі салдарынан 18 мың адам баспанасыз қалды
Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,5, энергетикалық класы – 10,4, ал ошағының тереңдігі 15 шақырымды құрады.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түспеген. Тиісті қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін 4 шілдеде Таразда 2 баллдық жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде орналасқан.