Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова 2015-2016 жаңа оқу жылының қарсаңында еліміздің білім беру жүйесінің бір топ үздік қызметкерлерімен кездесті. Олардың арасында ауыл мұғалімдері, жаңашыл педагогтар, педагогикалық және ғылыми мекемелер жетекшілері бар. Кездесуге Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Н.Назарбаевтың: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», деген сөзін қатысушылардың назарына салды. Одан әрі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясындағы білім жүйесін жаңғыртудың бүгінгі кезеңдегі басты айырмашылығы – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары негізінде адами капиталдың сапасын көтеруге маңыз беру екенін атап өтті.
Биылғы жылы білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бірінші кезеңінің іске асырылуы аяқталады. Осы уақыт ішінде бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты қабылданды, мектепке дейінгі жалпы орта білім беру стандарттарының жобалары әзірленді, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың түбегейлі жаңа жүйесі құрылды.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі табысты дамыды, қазіргі уақытта елімізде 8780 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, ол 3-6 жас аралығындағы сәбилердің 78,6 пайызын қамтиды. Еліміздің барлық өңірлерінде балаларды оқытудың және тәрбие берудің инновациялық тәсілдерін табысты енгізіп келе жатқан 19 Назарбаев зияткерлік мектебі құрылып, жұмыс істеуде.
Жалпы және кәсіптік техникалық білім беру жүйесінде дуалды оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде. «100 нақты қадамды» іске асыру аясында экономиканың 6 жетекші саласына білікті кадрлар даярлау үшін 10 колледж белгіленді. Республикада 125 жоғары оқу орны жұмыс істейді, соның 29-ы жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім берудің 252 мамандығы бойынша Халықаралық мамандандырылған аккредитациядан өтті. Жиналғандарға Мемлекеттік хатшы осы және басқа да деректерді айтты және өзі де қатысушылардың көкейкесті мәселелерін тыңдады.
Соның ішінде Мемлекет басшысы ұсынған бес институттық реформаның аясындағы, сондай-ақ, педагогтардың мәртебесін көтеру, ауыл мектептерінің, техникалық білім беру мекемелерінің, ғылыми және педагогикалық ұйымдардың жұмыстарына байланысты өзекті мәселелері талқыланды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданы Имантау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Досжан Нұрсейітов Гүлшара Әбдіқалықоваға қазақ тілін жеделдетіп оқыту әдістемесін таныстырды.
«Мен бүгін өз жобамды таныстырдым. Ол қазақ тілін жеделдетіп оқыту деп аталады. Бұл ресейлік ғалым Д.Петровтың әдістемесінің және ағылшын тілін үйрету әдістемелерінің қазақ тіліне икемделген, ықшамдалған көшірмесі. Оны қазіргі техникалық құралдардың көмегімен ғаламторға жариялау арқылы қазақ тілін үйренемін деген қазақстандықтар мен шетелдік азаматтардың назарына ұсындық. Қазіргі уақытта сұранысы жоғары болып тұр», – деді ол кездесу соңынан БАҚ өкілдеріне.
Талқылау нәтижесі бойынша Мемлекеттік хатшы құзырлы мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова жер бетіндегі ең ізгі мамандықтың өкілдері – педагогтарды алдағы жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақыт пен игілік тіледі.
Кездесуге Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданының Шашубай кентіндегі тірек мектебінің директоры А.Төкбаева, Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі М.Мыңбаева, Алматыдағы О.Жәутіков атындағы физика-математика мектебінің оқытушысы А.Слободянюк, Шымкенттегі мұғалімдер білімін жетілдіру институтының жаттықтырушысы М.Шойманова және т.б қатысты.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».

Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Жұмыс уақытында мас күйінде ұсталған ауыл әкімі қызметінен қуылмақ
Заң • Бүгін, 16:20
Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10