Жақында отандық экранды Мойнақ ГЭС-і жайында түсірілген отбасылық жаңа кинолента толықтырады деп күтілуде.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Астанателефильм» киностудиясы «Жарық» хикаясын түсіруді аяқтады. Фильм көңілді отбасылық сага болып табылады. Қызық сюжетті хикая кейіпкерлері бір-біріне ғашық болып, аяқ асты ажырасады, жақындарын тауып, мәре-сәре күй кешеді. Ал енді бірде бір-біріне іздеу салып жатады, олардың түрлі тосқауылдармен бетпе-бет келулеріне тура келеді. Оқиға желісі негізінен «жоғары кернеу аймағында» – бірегей Мойнақ ГЭС-і айналасында өрбиді.
«Сіз гидроэлектростанцияда болып көрдіңіз бе? Міне, күш қайда жатыр! Міне, мінез қайда!», – түсірілім барысы туралы ойларын режиссер Бақтияр Сейітқазиев осылай сипаттайды. – Хикая сюжетіне арналған тағы бір керемет сыйлық – Мойнақ ГЭС-і орналасқан жер: Шарын өзені және Шарын шатқалдары Қазақстанның інжу-маржандары болып табылады. Бұл өңірдің тарихына 12 миллионға жуық жыл болды емес пе! Осы жерлердің тамаша табиғаты мен шынайы түсірілімдер мені суретші ретінде қатты тамсандырғаны рас».
Драма және мелодрама жанрында кино түсіретін Қырғызстанның режиссері Бақтияр Сейітқазиев мұнда қайдан жүр деген сұрақтың қойылуы заңды. Кәсіби салада әжептәуір табысқа қол жеткізген режиссер өнердегі жолын енді бастап келе жатқан жас маман емес. Оның қорында Қазақстан көрермендерінің шексіз қызығушылығын тудырып үлгерген хикаялар, қысқаметражды ленталар бар. Сол себепті біз үшін хикаят авторы соншалық кездейсоқ жан деп айта алмаймыз. «Жарық» көркем телехикаясының әзірлеушілері бұл сериал көрермендердің көңілінен шығатынына сенімді. Телехикая «Қазақстан» телеарнасының эфирі арқылы 31 тамыздан бастап көрерменмен қауышпақ. Айта кету керек, түрлі әрекеттерден тұратын 24 эпизодтың көрермендерді тұшымды оқиғаларымен қызықтырып әкетеріне күмәніміз жоқ. Сонымен бірге, «Қазақстан» РТРК алдағы маусымда аудиторияны таңдандыратын мұнан да басқа көптеген хикаялар мен ғажап жобаларды әзірлеу үстінде.
Рауан ЕСҚАЛИ.

Әлем кубогының екінші күні: Алты боксшымыздың екеуі жарыс жолынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 21:52
Жүргізушілерге ескерту: Жаңа камералар қойылатын жолдар белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 21:30
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Бүгін, 21:05
Бесінші қабаттан құлап кете жаздаған балалардың ата-анасы құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 20:54
«Қайрат» чемпиондар лигасы бәсекесіндегі алғашқы қарсыласын анықтады
Спорт • Бүгін, 20:33
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33