16 Мамыр, 2015

Нақты тапсырмалар берді

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. egemen (31) Кездесу барысында К.Мәсімов Қазақстан Президентіне негізгі әлеуметтік-экономикалық көр­сет­кіштер, маңызды мемле­кеттік бағ­дарламалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, Жаңғырту жөнін­дегі ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев комис­сияның белсенді әрі тиімді жұмыс істегені маңызды екенін атап өтті. – Комиссия өзіне тапсырылған міндеттерді тезірек орындауға кіріскені жөн. Заңнамалық өз­ге­рістер жобасының бір бөлігін Пар­ламенттің қыркүйектегі сес­сия­сына дейін әзірлеу керек, бұл алға қойылған міндеттерді уақытында жүзеге асыруға оң ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті көктемгі егіс жұмыстарын сапалы атқару ісіне атсалысу, елдің әрі қарай ин­дустриялық-инновациялық да­муын, сондай-ақ, оның негізгі эко­но­микалық көрсеткіштерінің орнық­тылығын қамтамасыз ету қажет­тігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.